Руханият 0 пікір 1378 лайк

Бірлескен жоба көрерменге ерекше әсер қалдырды

Мамыр 15 / 2018

 

Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақстанға алғаш рет келген Америка Құрама Штаттарының «Дейтон» заманауи би театры және қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлескен концерті өтті.

 

Шара барысында шетелдік би ұжымына облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғ.Шарафиева Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы құттықтауы мен сый-сияпатын табыс етті.

Бірлескен жоба көрерменге ерекше әсер қалдырды.

«Дейтон» заманауи би театры (Dayton Contemporary Dance Company – DCDC) шығармашылықтарының түп-тамыры афроамерикалық мәдениеттен бастау алады. Оның негізін Дейтон қаласының Огайо штатында 1968 жылы биші, оқытушы, хореограф, Марк-Артур стипендиясының лауреаты Джеральдина Бланден қалаған. Бүгінде бірегей америкалық би театры әлемге танымал.

Ал, 1989 жылы құрылған «Қазына» би ансамблінің ұйымдастырушысы мен көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Мұсабек Жарқынбеков. Өнер ұжымына 2003 жылдан бері ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Әжібекова жетекшілік жасап келеді. Ансамбльдің қоржынында 70-ке жуық фоль­клорлық және заманауи жанрда, ТМД елдері және әлем халықтарының билері бар.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ