Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1374 лайк

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Мамыр 15 / 2018

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Жеңіс күні мерекесіне орай облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Ұлы Отан соғысының ардагері Дәрменбек Садыбаевты арнайы құттықтап қайтты.

 

– Ел басына күн туғанда қолға қару алып, майдан шебінде көрсеткен ерліктеріңіз ел жадында мәңгі сақталады. Жас ұрпақ ерліктеріңізді үлгі тұтады. Сіздердің арқаларыңызда бейбіт өмірде ғұмыр кешіп отырмыз, – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Бүгінде жасы 95-ке таяған ардагер Шымкент қаласында тұрады. Өзін құттықтай келгендерді жайдары қарсы алған қария ақ батасын беріп, соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

Дәрменбек ата әскерге 1941 жылы шақырылған. 408-атқыштар полкінің құрамында Дон өзені жағалауында соғысыпты. 1942 жылдың шілде айында Ленинград шайқасына қатысып, сонда жараланған. Госпитальден шыққан соң 1-Беларусь майданына жіберіледі. Берлин түбіндегі шайқаста қаһарман жауынгер жанқияр ерлігімен көзге түседі. І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. 1968-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар коллегиясының төрағасы болып қызмет атқарған ардагерді бүгінде ауыл-аймағы ардақ тұтады. Ерекше құрметтейді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ