Руханият 0 пікір 1373 лайк

Келелі ойлар айтылды

Мамыр 15 / 2018

 

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Түркістан қаласының тарихи-этнографиялық орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Бұқаралық ақпарат құралдары және ұлттық сананың жаңғыруы» атты конференция өтті.

 

Алқалы жиынға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Бақыт Ахымбетов, Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев, Қазақстанның құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Байдулла Қонысбек, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт пен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды сыншы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек жүргізді.

– Қоғам қатыгезденіп бара жатыр. Кешегі ұстазының алдын кеспейтін балалар азайып келеді. Міне, солардың жүрегін жұмсартып, адами құндылықтарды насихаттау үшін түрлі шаралар қолға алынуда. Солардың бірі һәм ең бастысы – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы. Ал, бұл дүниені жас ұрпақтың санасына сіңіруде БАҚ-тың рөлі айрықша. Осы орайда, біз сияқты қариялар да қарап қалмауы тиіс. Жанымызбен күйіп, рухани жаңғыруға жұрт болып жұмылып атсалысуымыз керек, – деді Қазақстанның құрметті журналисі Б.Қонысбек. Сондай-ақ, ғалымдар Құлбек Ергөбек Елбасы мақаласының өзегі ұлттық салт-дәстүрге адалдық екенін айтса, Сейдолла Садықов мақаланың шәкірт тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

Конференция барысында студенттер белгілі журналистермен жүздесіп, облыстағы басылымдардағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, аға буынның келелі әңгімелерін тыңдады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ