Руханият 0 пікір 0 лайк

Мәдени байланыс артады

Мамыр 14 / 2018

 

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10-14 мамыры аралығында Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай өзбек ұлттық академиялық драма театрының Оңтүстік Қазақстан облысында гастрольдік сапары бастау алды. Аталған жыл аясында өңірімізге келген өзбекстандық өнер ұжымы Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын сахналады.

 

Қос елдің мәдени байланыстарын нығайтуға арналған іс-шараның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қатысып, өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың арнайы құттықтауын жеткізіп, ізгі ниетін білдірді. Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры, Өзбекстан Республикасына қызмет көрсеткен әртіс, «Мехмат-Шухрат» орденінің иегері Фатхулла Масудов та көрші елдер арасындағы өзара байланыс пен мәдени қарым-қатынастың беріктігін әңгімелеріне арқау етті. Салтанатты шараға өңіріміздегі мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясы 12 мамырда сағат 16.00-де Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде жалғасып, 13 мамыр күні сағат 16.00-де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында гастрольдің салтанатты жабылуымен қорытындыланады.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ