Руханият 0 пікір 0 лайк

СІЗДЕРДІ «ОҢТҮСТІК САМАЛЫ» КҮТЕДІ

Мамыр 14 / 2018

 

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Облысымызда «Оңтүстік самалы – 2018» авторлық әндер фестивалі басталды. Үш күнге созылатын шараның қорытынды гала-концерті Бадам су қоймасы маңындағы «Ранчо» демалыс аймағында 13 мамыр күні өтеді. Бұл жөнінде «Оңтүстік-ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында ұйымдастыру комитетінің төрағасы Николай Зверев мәлімдеді.

 

– Халықаралық фестиваль болғандықтан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен үміткерлер 25 сәуірге дейін ғаламтор арқылы іріктелген. Сонымен қатар Қазақстанның өзге де өңірлерінен өнерпаздар бағын сынайтын болады. Ал, фестиваль қатысушыларға ең алдымен Ресейден келген В.Грушин атындағы фестивальдің лауреаттары Ирина Орищенко, Эдуард Двухименный, Фарид Сахабутдинов сынды белгілі тұлғалардың алдында өнерлерін көрсетіп, олардың бағасын алуға мүмкіндік береді. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткелі отырған байқауға арнайы жүлделер тағайындалуда, – дейді Николай Зверев. Ал, байқауға келушілер

В.Грушин атындағы халықаралық фестивальдің лауреаттары, авторлық әндердің орындаушылары Дмитрий Обухов, Вячеслав Шадрин секілді арнайы шақырылған қонақтар мен түрлі сайыстарда топ жарған таланттардың гала-концертін тамашалап, іс-шара аясында авторлық әндердің орындаушысы Ирина Орищенконың шеберлік сыныбына қатыса алады.

Айта кетейік, халықаралық фестивальге Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейден 70-тен астам үміткер келсе, Қазақстанның өзге аймақтарынан 50-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, қазақ, орыс тілдерінде үздік авторлық ән орындаушы, үздік композитор мен дуэт, үздік ансамбль және Владимир Высоцкийдің әнін үздік орындаушы секілді 7 аталым бойынша жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар табыс етілмек.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ