Бұл турнирге деген көзқарасым өте жоғары

Сәуір 26 / 2018

 

Серік Төкеев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті:

 

– Небір саңлақтар «Оңтүстік Қазақстан» газетінің турнирінде шыңдалды. Бұл жарысты өткізуге Мардан Сапарбаев, Манап Өтебаев және өзге де спорт жанашырлары атсалысатын. Оқу орындары мен ұжымдар, кәсіпорындарға дейін команда жасақтайтын. Қателеспесем, осы турнирде үш рет жеңімпаз болдым. Бұл жарысқа деген көзқарасым өте жоғары. Еліміздегі ең тарихы терең әрі мықты турнирлердің бірі ғой. Бізге Қазақстан чемпионатында топ жарудан гөрі «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жеңімпаз атану абырой еді. Жарыс қазір де өз биігінен түскен жоқ. Біздің мақсатымыз – қазақ күресін Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізу. Кезінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің додасында тер төккен азаматтар бүгінде осы биік мақсатты орындау бағытында жұмыс істеп жатыр. Әлем чемпионаттары мен Азия, Еуропа чемпионаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өткен ғасырдан бері дәстүрді үзбей келе жатқан газеттің турнирінен қанаттанған азаматтардың арасынан әлем чемпиондары шыққан. Алдағы уақытта да шыға беретініне сенемін.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ