Халықаралық көрме өтуде

Сәуір 21 / 2018

 

Оңтүстік Қазақстан облысында «BILIM ÁLEMI» / EDUCATION WORLD-2018» бірінші халықаралық көрмесі өтуде. Онда 30-дан астам халықаралық және қазақстандық жоғары оқу орындары мен агенттіктер түлектерге мамандық пен оқу орнын таңдауда, екінші білім алу мүмкіндіктері мен кәсіби деңгейді көтеру туралы кеңестер береді.

 

Аталған шара ҚР Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Білім көрмесін аралап көрген облыс әкімі Ж.Түймебаев жастарға мүмкіндікті жіберіп алмау керектігін жеткізді.

«Елбасымыз «Болашақта ұлттың та-бысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады» деген болатын. Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында барлық жастарға азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету туралы нақты міндет қойды. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында білім беру қызметтерін таныстыру үшін біз осы алаңды ұсынып отырмыз. Мұндай іс-шаралар білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірдің жалпы білім деңгейін көтеруге ықпалын тигізері сөзсіз» деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шара барысында Американың, Кана-даның, Кипрдің, Латвияның, Малай-зияның, Ресейдің, Қытайдың, Франция-ның, Чехияның, Тайландтың, Қазақ-станның жоғары оқу орындары білім гранттары мен стипендияларын ұсынды. Аймақ басшысы жоғарыда аталған білім ұйымдарын Алғыс хаттармен марапаттады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ