Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Ынтымақтастық меморандумы түзiлдi

Сәуір 21 / 2018

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Сәрсенбаев Египеттің Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Ахмед Абдалламен, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фодамен және Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайсам Ибраһим мырзалармен кездесті.

 

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан – Египет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды әрі көп қырлы бағытта дамып отырғандығын атап өтті.

Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында және достастық пен бауырластық байланысты нығайту үшін Онтүстік Қазақстан облысы мен Қызыл теңіз провинциясы арасында меморандум түзілді.

Келісім шеңберінде Онтүс-тік Қазақстан облысы мен Қызыл теңіз провинциясы арасындағы өзара ынтымақтастық екіжақты серіктестік қатынастар мен экономикалық, мәдени, ғылыми, техникалық, спорттық, экологиялық және туристік салаларда жүзеге асырылады.

Кездесуде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсен-баев бүгінде Оңтүстік Қазақ-стан облысы қарқынды дамып келе жатқан қуатты экономикалық әлеует шоғырланған өңір екенін атап өтті.

Бүгінгі қол қойылған келісім «Қазақстан – Мысыр достығының қауымдастығы» ая-сында іске асырылып отырғанын айтқан губернатор Ахмед Абдалла бұл іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Айта кетейік, Қызыл теңіз провинциясы – Мысыр елінің шығысында орналасқан Қызыл теңіз жағалауы бойындағы облыс.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ