Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1261 лайк

Әр атаудан ұлттық леп есіп тұрса...

Сәуір 21 / 2018

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан».

«Біздегі кейбір іс-шаралар жүрек толқытпайды, себебі, жүрекпен жасалмайды». Бұрнағы бір жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың мәдениет саласының қызметкерлеріне қарата осылай айтқаны бар еді. Мұны неге еске салып отырмыз? Облыстық қоғамдық кеңес пен облыстық мәслихаттың бірлескен мәжілісінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін облыстық, республикалық, халық- аралық мәдени шаралардың атауына қатысты пікірталас туындады.

 

– Әрине, мұндай мәдени шараларды өткізу арқылы өңірімізді алыс-жақын шет- елдерге кеңінен танытуға мол мүмкіндігіміз бар. Әрі өнерге талпынған жас таланттардың буынын бекітеміз. Дегенмен, осындай іс-шаралардың атауында бірізділік жоқ. Күлбілтелемей айтсақ, көпшілігінде ұлттық реңк кемшін. Әп-әдемі қазақтың сөздеріне ағылшынша атауларды тықпалаймыз. Ол қаншалықты абырой береді? Меніңше, келген қонаққа тіліміздің бай, құнарлы екенін сезіндіру үшін осы мәселеге сергек қарағанымыз жөн. Әр атаудан қазақтың иісі аңқып тұруы тиіс, – дейді халық қалаулысы Мұрат Төлтебаев.

Мәжіліске қатысушылар осы мәселеге орай мәдени шаралардың атауын қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді. Мұнан соң күн тәртібіне енгізілген мәселелерге орай о блыс әкімдігі жанындағы кейбір комиссиялардың дербес құрамына жаңадан мүшелер қабылданып, облыс әкімдігінің бірқатар шешімдері өзгерістермен толықты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ