Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

18 оқулық жарық көрдi

Сәуір 21 / 2018

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» республикалық жобасын іске асыруға арналған іс-шаралар өтуде.

 

Жоба аясында облыстық «Қоғам-дық келісім» КММ ғимаратында «National bookdating» акциясы ұйымдастырылып, оған жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттер, мектеп оқушылары қатысты.

Акцияда А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Раушан Бабажанова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобаның маңыздылығын сөз етті.

– Жоба бойынша жақында 18 оқулық жарыққа шықты. Олар экономика, философия, тарих, тіл білімі, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтиды. Оқулықтың әрқайсысы 10 мың данамен басылады. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлеріне таратылып, кітапхана сөрелерінен табылатын болады, – деді ол.

Іс-шараны облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов қорытындылап, жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жоспарлаған ауқымды іс-шаралар жөнінде айтты.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ