Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1260 лайк

Алғашқы өнім Атырауға жөнелтілді

Сәуір 21 / 2018

 

Мақтаарал ауданындағы көкөністі ерте егіп, өнім алуда көш бастайтын Атамекен ауылдық округінің диқандары биыл да алғашқы өнімінің 20 тоннасын Атырау қаласына жөнелтіп үлгерді.

 

Ақпан айында егілген қырыққабат 892,5 гектар алқапты алып жатыр. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 112 гектарға артық. Шаруалар дақылдың салмағы 1-1,5 келіден аспайтын нидерландылық пандион сұрпын еккен. Ерте пісетін өнімнің бұл түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс жоғары. Диқандар былтыр да қырыққабаттың дәл осындай сұрпымен республикамыздың барлық аймағын және ресейліктерді қамтамасыз еткен болатын. Көкөністің бұл түрі негізінен ерте піседі. Диқандар піскен өнімді толық жинап алған соң артынша қауын-қарбыз егеді. Осылайша нәпақасын жерден айырып отырған шаруа бір жылда екі мәрте өнім алады. Бүгінде ауыл округтерінде жұмысшы бригадалары құрылып, піскен өнімді шашауын шығармай солтүстік облыстар мен Ресейге экспорттау жұмыстарымен айналысуда.

Айта кетейік, өткен жылы Мақтаарал ауданында жиналған 89689 тонна өнімнің 50 мың тоннасы қырыққабат дақылы болатын.

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ