Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Жол жөнделiп жатыр

Сәуір 21 / 2018

 

Үшінші қала мәртебесіне лайықты болуға ұмтылған Шымқалада орталық көшелерді жөндеу жұмыстары одан әрі қарқын алуда. Бірінші кезекте Темірлан тасжолы, Бәйдібек би, Тәуке хан және Қонаев даңғылдарын жөндеу жұмыстары басталып та кетті.

 

Өзге де ой-шұқыры көп көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары жасалған. Бастапқыда шұңқырлар тазаланып, тегістеледі. Сосын асфальт төселеді.

Тұрғындар тарапынан түскен талап-тілектер ескеріле отырып Сайрам көшесін де жөндеу жоспарға еніп отыр. Оның үстіне бұл жолды жөндеуге жаңа технологияны пайдалану көзделуде. «Бұл өз кезегінде асфальттың тегіс болуына және жуық арада бұзылмауына кепілдік беретін болады» дейді сала мамандары.

Айта кету керек, бұған дейін де басталған жол құрылысы жұмыстары Шымкентте қыза түскен. Мысалы, «Бекжан» базары маңындағы жол айрығының құрылысы бүгінде ерекше қарқын алған. Соңғы кездері Шымкентке келген қонақтар әуежайдан қала орталығына бет алғанда көшелердің кеңейіп, жаңадан жол айрықтары салынып жатқанына куә болғанын жиі айтады. Бұл да болса үшінші мегаполистің уақыт өткен сайын жаңарып, жанданып келе жатқанының айғағы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ