Рухани жаңғыру 0 пікір 1250 лайк

Заман талабымен үндескен салық және кеден саясаты

Сәуір 21 / 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы еліміздің дамуының жаңа кезеңінде туындайтын міндеттерді айқындап берді. Осы орайда мемлекеттік кірістер органдарының мақсаты да нақтыланып отыр. Яғни кірістер органдарының мақсаты – қоғам талабы мен оның дамуынан қалмау ғана емес, азаматтардың бүгінгі уақытқа сай көзқарасы мен талғамын қалыптастыруға үлес қосу болып та табылады. Осындай талаптарға сай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті еліміздің қаржылық тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге салық түсімдерінің толық және уақтылы түсуін жүзеге асырып келеді. Бұл орайда тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі және салық төлеушілердің көрсетілетін қызметке қанағаттану деңгейін жоғарылату бағытындағы жұмыстар да жоғары дәрежеде атқарылып жатыр.

 

Оның бір дәлелі аталған департамент 2018 жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 111,7% орындады. Яғни 2018 жылғы 1-тоқсанға белгіленген мемлекеттік бюджет 68,7 млрд. теңгеге жоспарланған десек, белсенді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бюджетке 76,7 млрд. теңге нақты өндірілді. Демек, 8 млрд. теңгенің түсімі артығымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 106,1%-ды құрады немесе 4,4 млрд. теңгеге артты. (2017жылдың 1-тоқсаны – 72,3 млрд. теңге).

Оның ішінде:

Республикалық бюджеттің жоспары 104% орындалды немесе 1,7 млрд. теңге артығымен түсіп (жоспар 43,2 млрд. теңге, нақты түсім – 45 млрд. теңге), түсімдердің өсу қарқыны 100%-ды құрады (1-тоқсан 2017 ж.– 45 млрд. теңге, 2018ж. – 45 млрд. теңге).

Жергілікті бюджеттің жоспары 124,8% орындалды немесе 6,3 млрд. теңге артық түсіп (жоспар 25,5 млрд. теңге, нақты түсім 31,8 млрд. теңге), өсу қарқыны 116,3%-ды құрап отыр немесе 2017 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 4,5 млрд. теңге артық қамтамасыз етілді (1-тоқсан 2017ж. – 27,4 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың 1-тоқсан қорытындысымен салықтар мен кедендік төлемдерді әкімшіліктендіру жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру, құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесе атқарған іс-шаралардың нәтижесінде 5,6 млрд. тг. қосымша кіріс көздері анықталып, мемлекеттік бюджетке толығымен өндірілді (1-тоқсан 2017ж. – 4,8 млрд. теңге), оның ішінде жергілікті бюджетке 2,7 млрд. тг. түсті (1-тоқсан 2017ж. – 1,8 млрд. теңге) немесе жалпы түсімдердің 5%-ын құрады.

Қосымша кірістер кедендік құнды түзету нәтижесінде 1,1 млрд. теңге (2017ж. – 1 млрд. теңге), бейөндірістік төлемдерді әкімшілендіру нәтижесінде 2,1 млрд. теңге. (2017 ж. – 1,6 млрд. теңге), камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде 1,4 млрд. теңге (2017 ж. – 451,2 млн. теңге), мәжбүрлеп өндіру шаралары нәтижесінде 411 млн. теңге, бақылау-экономикалық жұмыстарының нәтижесінде 273,6 млн. теңге, Еуразиялық экономикалық одағы шеңберіндегі жанама салықтарды әкімшіліктендіру нәтижесінде бюджетке 107,5 млн. теңге өндірілді.

Мемлекетіміздің стратегиялық мақсатының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда облысымызда 207 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқаруда. Осы субъектілерден 2018 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік бюджетке 33,4 млрд. теңге немесе жалпы түсімнің 46%-ын құрап отыр. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кіші және орта бизнес субъектілерінің түсімдері 4,8 млрд. теңге немесе 17%-ға артты (1-тоқсан 2017 ж. – 28,6 млрд. теңге).

Аталған мақсатқа жету үшін облыста мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Индустрияландыру картасы» атты бағдарламалар бойынша жыл сайын қатысушылары мен олардың салықтық төлемдері өсуде.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мақұлданған жобалардың қатысушыларынан 2018 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік бюджетке 4,8 млрд. теңге өндірілді. 2017 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда түсімдер 900 млн. теңгеге артты (1-тоқсан 2017 ж. – 3,9 млрд. теңге). «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 21 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Ал, «Индустрияландыру картасы» бағдарламасы шеңберінде 13,5 мыңнан аса адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Осы мемлекеттік бағдарлама қатысушыларынан 2018 жылдың 1-тоқсанында 4,2 млрд. теңге өндіріліп, 2017 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда түсімдер 900 млн. теңге өсті (1-тоқсан 2017 ж. – 3,3 млрд. теңге).

Бюджеттің кіріс бөлігін толықтырудың басты дереккөздерінің бірі тауарлардың сыныпталуының дұрыстығына және мәлімделген кедендік құнына бақылау болып табылады.

2018 жылдың 1-тоқсанында 6 391 тауарға арналған декларациялар ресімделген (2017 ж. 1-тоқсанында – 4 937 ТД), оның ішінде:

«ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік ресімімен – 3 782 ТД (2017 ж. 1-тоқсанында – 2 941 ТД);

«экспорт» кедендік рәсімімен – 2 319 ТД (2017 ж. 1-тоқсанында – 1 739 ТД).

басқа кедендік ресімдермен – 290 ТД (2017ж. 1-тоқсанында – 255 ТД).

Жүктерді өңдеу уақытын қысқарту шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде 2 басым сипаттағы тауарларға кедендік тазарту 4 сағат 30 минут және шекарадан өту уақыты 60 минут белгіленген (2017ж. 1- тоқсанында – 61 минут).

Шекарадан өту уақыты бойынша 33 603 жүк автокөлігіне бақылауды жүргізу кезінде (2017 ж. 1-тоқсанында – 13 598 АКҚ), 13 100 транзиттік декларацияларын (2017 ж. 1-тоқсанында – 12 200 ТД) және 33 877 көлік құралына арналған декларацияларын ресімдеу кезінде (2017 ж. 1-тоқсанында – 33 545 КҚКД), орташа уақыты 32 минутқа жеткізілді (2017 ж. 1-тоқсанында – 38 минут).

Сондай-ақ, 2018 жылы электронды декларациялаудың «Астана-1» ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған жүйенің негізгі мақсаты кедендік ресімдерді жылдамдату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыттық және қаржылай шығындарын қысқарту, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызу, алдын-ала ақпаратты ұсыну және кедендік декларацияны шығару болып табылады.

Жаңа ақпараттық жүйе, электронды декларациялау деректерін толықтай кодпен цифрландырып, өңдейді. Сонымен қатар, кедендік салықтар мен төлемдерді автоматты түрде есептеп, өндіруді жүзеге асырады. Декларацияны өңдеу және «жасыл дәлізбен» шығаруға 1 минуттай ғана уақыт жұмсалады.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі іске қосылған уақыттан бастап ОҚО бойынша МКД қызмет ету аймағында:

– 33 544 транзиттік декларация;

– 3 435 тауарларға арналған декларация, соның ішінде ішкі тұтыну үшін кедендік ресімі бойынша 895, экспорт кедендік ресімі бойынша 2 506 және басқа да кедендік ресімдер бойынша 34 тауарларға арналған декларация шығарылған.

Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына, кеден өкілдеріне, департамент қызметкерлеріне және ықпалдасқан қызметтер мамандарына «АСТАНА-1» ақпаратық жүйеге қолжетімділік берілді.

Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде экономикалық қылмыстардың алдын алу, жолын кесу бағытында құқық қорғау органдарымен бірлесе бірқатар нәтижелі жұмыстар атқаруда.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсан қорытындысымен Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде 153 іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру болған, оның ішінде өндіріспен 107 іс аяқталып 73 іс сот қарауына жолданған немесе өндірістегі істің 47,7%-ы. Ал, экономикалық санаттағы қылмыстарды анықтау көрсеткіші 53 қылмыс немесе өндірістегі істердің 34,6%-ы. Оның 30-ы өндіріспен аяқталып, 11 іс сотқа жолданған.

Ағымдағы жылы ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басшылық жасау дерегі бойынша өндірісте 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі болған.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлерінің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджеттік 432 млн. теңге қаржының жымқырылу дерегі анықталған. Аталған дерек бойынша азаматша Жунус-алиеваға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі, 218-бабы 1,3-бөлігі, 262-бабы 1,2,3-баптары бойынша іс сот қарауына жолданған.

Экономикалық контрабанда және есірткі заттарының заңсыз айналымы дерегі бойынша өндірісте 39 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша 38 қылмыстық іс өндірісі аяқталып, сотқа жолданды.

Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қызметтік-іздестіру иттері арқылы есірткі заттарының контрабандасы бойынша заңсыз айналымнан 232,3 гр. есірткі зат тәркіленді, оның ішінде 203,2 гр. марихуана, 26,4 гр. гашиш және 2,6 гр каннабис смоласы бар.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауларынан туындаған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында ҚР Қаржы министрлігімен «Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифразациялау» пилоттық жобасы іске асырылуда. Оның басты мақсаты, салықтық және кедендік әкімшілендіру бизнес- процестерін автоматтандыру болып табылады.

Сондай-ақ, электронды жетілдірілген нысанда жұмыс жасаудың жаңа қадамы – Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы қылмыстық іс кесу органдарына 2018 жылдан енгізіп отырған «Е-қылмыстық іс» жобалық жүйесі. Қылмыстық процесті цифрландырудың бұл үлгісі қылмыстық істің тіркелуінен бастап, үкімнің орындалуына дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Бұл жүйеде істің материалдарын өзгертуге мүмкіндік болмайды, айғақтарды, құжаттарды жинақтау жеңілдейді, тергеу орындары мен сот органдарының шығындары азаяды.

Бүгінгі таңда экономикалық тергеу қызметінде «Е-қылмыстық іс» жобалық жүйесі қолданысқа еніп, алғашқы қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 234-бабымен электронды форматта тіркелді.

Сонымен қатар, экономикалық тергеу қызметімен ағымдағы жылдың наурыз айында интернет жүйесінде есірткі заттарын сату дерегі анықталған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігіне талап-тілек жолданып, аталған интернет-ресурстың жұмысын тоқтату талабы жолданды.

Жалпы, cыбайлас жемқорлық көріністерінің алғышарттарының бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланыста болуы болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу ресімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады. Сол себепті, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану, адам факторының ықпалын барынша азайтады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде біздің кеден, салық салаларында ресімдер барынша автоматтандырылған.

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарында 58,3 пайызы немесе 28 түрі салық қызметінен, 41,7 пайызы немесе 20 кедендік қызметтерден тұратын жалпы 48 түрінен қызметтер көрсетіледі. Бүгінгі таңға бекітілген қызмет түрінің 40-қа жуығын қағаз түрінде де және электронды түрде де алуға болады. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 566 884 қызмет көрсетілсе, соның 530 519 немесе 93,5%-ы электронды түрінде, 36 365 немесе 6,5%-ы қағаз түрінде қызметтер көрсетілген. Соның ішінде тапсырылған 337 477 салық есептілігі нысандарының 337 205, яғни 99,9% үлесі электронды түрде табысталған.

Облыс тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, салықты оңай және уақтылы төлеу, салық түсімдерін арттыру мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен, тұрғындардың мүлік, жер және көлік салықтарының қарыздары туралы мәліметтерді бірыңғай коммуналдық төлемдер құжатына енгізу пилоты ұйымдастырылып, жүргізілуде. Атап айтқанда, Шымкент қаласы бойынша коммуналдық төлемдер туралы түбіртектерді қалыптастыру және абоненттерге таратумен айналысатын «ОМЕГА-XXI» серіктестігі дерекқорымен (190 663 абоненттер) сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Шымкент қаласы бойынша 177 293 абоненттің жеке сәйкестендіру нөмері анықталып 1 428 млн. теңгені құрайтын салықтық қарыздары (мүлік, жер, көлік) туралы мәліметтер бірыңғай коммуналдық төлемдер құжатына енгізіліп, абоненттерге таратылды және осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Таратылған абоненттерден бүгінгі күні 25 766 абоненттен 64 863 мың теңге салықтық қарыздар өндірілді.

Осының барлығы электронды форматқа, сандық жүйеге көшудің, «ақылды қала» болудың алғашқы қадамдары және оған жергілікті мемлекеттік кірістер органдарының үлесі де қомақты болмақ.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы мемлекетіміздің нығайып дамуына, экономикамыздың қарқынды өсуіне және халықтың әлеуметтік қамтылуына салықтық, кедендік түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуде нәтижелі істерімен атсалыса береді.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ