Руханият 0 пікір 1237 лайк

Сахнада – «Айман-Шолпан»!

Сәуір 21 / 2018

 

Небәрі он жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры классикаға қол созды. М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясын театрдың көркемдік жетекшісі Мақсат Айтжановтың режиссерлігімен сахналауын театр өміріндегі елеулі жаңалықтардың бірі деп қабылдаған жөн.

 

Ойнақы әуен, ыңғайлы сахна, әртістердің жеңіл қимылы мен талассыз шеберліктері, өлеңмен айтылатын диалогтар, қазақ әндерінің інжу-маржандары қойылымды ерекше жарқыратып жіберген. Әрбір образдың дараланып ашылуы, оқиғалардың динамикасы, астарлы әзілдер көрермендерді тәнті етті.

Аталған қойылым театр тарихы үшін бір белес болып қалатыны анық. Қазақ театрлары арасында «Айман-Шолпанды» сахналамағандары кемде-кем. Ал, Мақсат Айтжанов мәселеге қай қырынан келді? Бұл туралы газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқисыздар.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ