Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1211 лайк

Жастармен жүздесті

Сәуір 17 / 2018

 

Қайрат ЗАЙНИШЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Кентау қаласына арнайы іссапармен келген ҚР Дін істері жəне азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов трансформатор зауытында болды. Өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшы жастармен кездескен вице-министр Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіріп, жастар саясаты аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 

– Жастар заман талабына сай қоғамға қажетті мамандықтарды игеріп, білімге құштарлықтарын арттыруы керек. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлейік, – деген ол жұмысшы жастарға отбасын құрып, елдің демографиялық жағдайын көтеру керектігі жөнінде ақыл-кеңесін айтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша да кең көлемді түсінік берді.

Зауыт қызметкерлері де мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылықтарын білдірді. Абзал Нүкенов қалалық жастар орталығының жұмысымен танысып, белсенді жастармен кездесіп, ашық сұхбат құрды. Жастардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Кентауға арнайы келіп, жастармен кездескені үшін құрметті қонаққа алғыс айтты.

Кентау қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ