Экономика 0 пікір 1208 лайк

Облыс бойынша бiрiншi орында

Сәуір 17 / 2018

 

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

2017 жылы Отырар ауданының жалпы ішкі өнім көлемі 53 млрд. 884 млн. теңгені құраған. Биыл бұл көрсеткішті 61 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Былтыр жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 101,2 пайызға артық орындалып, 998 млн. 509 мың теңгеге жеткен. Сондай-ақ, өткен жылы 16 млрд. 152 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Негізгі капиталға тартылған инвестицияның, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып, халықты жұмыспен қамтудың көрсеткіші өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемін биыл 20 млрд. теңгеден асыру жоспары тұр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов мәлімдеді.

 

Былтыр көптен бері күрделі жөндеу көрмеген «Құдайберген», «НС-1», «Берді» каналдары қалпына келтірілді. Соның нәтижесінде суармалы жер қосымша 757 гектарға ұлғайып, 315 гектардан астам суармалы алқаптың суландыру жүйесі жақсарды. Биыл 16 каналды қайта жөндеу үшін құжаттары тиісті басқармаларға өткізілді. «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында Арыстанбаб кесенесі мен Отырартөбе маңын абаттандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, ҚР Мәде-ниет және спорт министрлігіне ұсынылған болатын. Бүгінгі таңда тиісті қаржысы қаралып, жоба 2018-2019 жылдары іске асырылмақ. Биыл Темір ауылында 200 орынды мәдениет үйі, Шәуілдірде спорт кешені абаттандырылып, қайта құрылған Арыс өзенінің жағалауы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар былтыр 108,5 млн. теңгеге Шәуілдір ауылындағы жаңа шағынауданда 200 жеке сектордағы үйлер түсетін жер телімі құрылыстың 2-кезеңі бойынша қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 310,6 млн. теңгеге инженерлік-коммуникациялар тартудың 2-кезеңі жүзеге асырылып, соның нәтижесінде 260 азамат жер учаскесімен қамтылмақ. Сондай-ақ, 137,6 млн. теңгеге Мыңшұқыр елді мекенінде 2 қабатты 12 пәтерлі

2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осындай үйлерді 2019-2020 жылдары Темір, Арыс, Ақтөбе, Көксарай ауылдарынан салу көзделуде. 2016-2017 оқу жылында ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша аудан облыс көлемінде 3-орын алыпты.

Ерлан Қуанышұлының мәлімдеуінше, Сырдария өзенінің бергі бетіндегі 22 елді мекенге газ тарту жұмыстары қолға алынуда. Соның ішінде 20 ауылдың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. 2 елді мекенге газ құбырын жүргізу жұмыстары басталып та кетті. Олар – Шәуілдір мен Темір елді мекендері. Ендігі кезек – Шәмші ауылында. Ал, Сырдарияның арғы жағалауындағы 12 елді мекеннің сәулеттік-жобалау тапсырмасы әзірленуде. Бұл ауылдарға газ құбыры Арыс қаласы арқылы тартылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда аудан әкімдігі 97 гектар жерге орналасқан индустриалды аймақты дамыту ісін қолға алуда.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ