Экономика 0 пікір 1204 лайк

Ешкi бағып, елге жақты

Сәуір 17 / 2018

 

Биыл Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылдық округіндегі жастар ұйымының жетекшісі Арыстан Омаров облыс әкімі тағайындаған «Үздік жас меценат» сыйлығына ие болды.

 

Арыстан Омаров бастапқыда құрылысшы болып жұмыс істеп, қаражат жинады. Сосын жинаған ақшасына 100 ешкі сатып алып, оны көбейтті. Уақыт өте келе шаруашылығын кеңейтіп, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Бейнеттің зейнетін көрген жас жігіттің алымдылығын байқаған жергілікті әкімдік оны аудандық жастар ұйымының басшысы етіп тағайындады. Қоғамдық жұмысты да игере білген Арыстан түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастыруда да өзінің идеяға бай екендігін байқатты. Елбасы Жолдаулары мен бастамаларын насихаттауда білімділігімен дараланды.

Ел десе аянып қалмайтын жас кәсіпкер «Заканал» шағынауданындағы каналға көпір салуға қаржылай көмектесті. Қызылжар, Елшібек батыр ауылдарынан бір-бір балабақша салып, 100 баланы балабақшамен, 40 тұрғынды жұмыспен қамтыды.

Иә, Арыстан Ибрагимұлының меценаттық тірлігі өзге жастарға үлгі боларлықтай. Айтпағымыз, Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысамын, өсіп-өркендеймін дейтін азаматтарға мүмкіндік бар екен. Тек бойдағы жалқаулық пен енжарлықты, орынсыз үрей мен қорқынышты жеңе білген жөн.

Беркінбек ЖАҚЫПҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ