Рухани жаңғыру 0 пікір 1199 лайк

Рухани жаңғыру аясындағы кешендi көрме

Сәуір 14 / 2018

 

Баян ДАРҒОЖИНА, «Оңтүстік Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 1 жылдығына арналған кешенді көрме өтті. Оны ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ көшпелі пленарлық отырысына арнайы келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Д.Қалетаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен пленарлық отырысқа қатысушы еліміздің көшбасшы жастары тамашалады.

 

Кешенді көрмеде келушілер назарына облыстағы қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енген тарихи-мәдени нысандарда түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдер мен белгілі қылқалам шеберлерінің шығармалары, қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар, мүсіншілер жасаған дүниелер, облыстың көркем табиғаты бейнеленген фотосуреттер, сондай-ақ, ақын-жазушылардың кітаптары, ұлттық киім үлгілері ұсынылды. Сондай-ақ, онда «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азаматтар туралы деректер де орын алған. Көрме 9 бөліктен тұрады.

Айта кетейік, жалпы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірде бір жыл ішінде 4370 іс-шара ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, тарихи-мәдени мұраларды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында түсірілген «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая, «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан» атты анимациялық және «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» атты деректі фильмдер де жұрт назарына ұсынылды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ