Рухани жаңғыру 0 пікір 1201 лайк

Оңтүстiк өңiрi алда келедi

Сәуір 14 / 2018

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялағанына 1 жыл толды. Осы аралықта Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының 844 елді мекенінде 4370 іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде облысымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты.

Мәселен, облысымызда «Туған жер» жобасы бойынша 31 млрд. 467 млн. теңгені құрайтын 577 нысан бой көтеріп, рекордтық көрсеткішке ие болды. Олардың қатарында білім, денсаулық, спорт, мәдениет және әлеуметтік ғимараттар бар.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауда да оңтүстік өңірі қамшы салдырмай келеді. Дәлел ретінде облыс әкімі Ж.Түймебаевтың идеясымен түсірілген бірқатар анимациялық фильмдер мен телехикаяларды келтіруге болады. Атап айтқанда, тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беретін «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикаясы, «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан» атты анимациялық және «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» атты деректі фильмдер түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды.

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша да ауқымды шаруалар атқарылды. Қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін өңірлік жұмыс тобы құрылып, киелі жерлердің өңірлік картасының жобасы жасалды. Оған облыстағы 104 қасиетті киелі жердің тізімі «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына ұсынылып, ОҚО-дан 24 нысан республикалық тізімге енгізілді. Бұл басқа облыстармен салыстырғанда саны жағынан екі есе көп көрсеткіш.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы бойынша дауыс беру арқылы облысымыздан 247 үміткер іріктеліп,

100 жаңа есімге 6 азамат енгізілді. Бүгінгі күні «100 жаңа есім» жобасына енген азаматтардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыста әлі де атқарылар шаруалар жетерлік. Бүгінде алдағы уақытта іске асатын жобалардың жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда. Соның бірі – «Ордабасы тауы» қорық мұражайына ел бірлігін дәріптеген Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге монумент орнату. Одан бөлек, «Үш би» көпсериалды фильмі және «Ордабасы – бірліктің туы», «Көне Түркістан», «Шымкент тарихы», «Оқсыз оқиғасы» сияқты анимациялық фильмдер түсіру жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ