Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Ерекше бағдар, ерекше бағыт

Сәуір 14 / 2018

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан әлемдегі ең үздік 100 оқулықтың сол тілден қазақ тіліне тікелей аударылатынын оқып, бұл бір ерекше бағдар, ерекше бағыт екен деп қуанған едік.

Күні кеше «Елбасы оқулықтары» атауына ие болған оқулықтардың алғашқы 18-і жарыққа шыққанын естіп, қуанышымыз еселене түсті. Өйткені, әлемдік классикалық оқулықтардың қазақ тіліне аударылуының маңызы ерекше. Ең алдымен, ағылшын тілінен ана тіліне төте аудару ісі тілімізді байытса, екіншіден, ұлттық терминологияның дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ қазақ тілі грамматикасының арнасын кеңейтіп, заманауи аударма мектебін қалыптастырады.

Ерекше бөліп айтатын жәйт, бұрындары оқулық пән жайында қысқаша стандартты білім берсе, бұл «100 оқулықты» ғылымға кіріспе деп қабылдаған дұрыс. Келешекте 100 оқулықтың одан әрі көбейіп, бәсекеге қабілетті, жаңашыл маман даярлауға негіз қалайтынына сеніміміз мол.

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ