Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Келешек ұрпақ үшiн маңызды қадам

Сәуір 14 / 2018

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр сала бойынша ең маңызды саналатын әлемдегі 100 оқулықты қазақ тіліне аудару туралы тапсырма берген болатын. Жуырда қазақ тіліне тәржімаланған 18 жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.

 

«Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман» деген Президенттің қанатты сөзі бар. Бүгінгі сәт сайын өзгеріп жатқан кезең үшін дәл айтылған сөз деп ұғынамыз. Қазақ өркениет көшінен кеш қалып кетпеу үшін жас ұрпақ бүгінгі заманның жетістіктерін, ғылымын, жаңалықтарын білуі, терең меңгеруі шарт. Ол үшін алдымен білім беру жүйесін қазіргі әлемдік стандарттар мен сұраныстарға сәйкес етуіміз керек. Яғни бүгінде әлем әрі қарай дамуы үшін қандай оқулықтар пайдаланады, біз де сол кітаптармен білім алуымыз қажет. Мұнсыз қазақ елінің дамуын, жарқын болашағын көзге елестету мүмкін емес. Сондықтан да ой-сананың өсуіне қажетті әлемдік деңгейдегі оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы қазақ қоғамының өркендеуіне негіз салары сөзсіз.

Баршагүл ИСАБЕК, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ОҚМПУ-дің оқу және оқу әдістемелік істер жөніндегі проректоры.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ