Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1200 лайк

Жапон елшісі Кентауға келді

Сәуір 14 / 2018

 

Қайрат ЗАЙНИШЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

 

Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата Кентау қаласында болды. Кеншілер саябағында орналасқан «Жапондық әскери тұтқындарға арналған ескерткіш» маңында өткен митингіге қатысып, қазақ жерінде қайтыс болған жерлестерін еске алды.

Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Кентау қаласында жапон тұтқындарының төрт зираты барын, онда аты-жөні әлі күнге белгісіз екінші дүниежүзілік соғыс тұтқындары жерленгендігін атап өтті.

– Жергілікті қазақтар жапон азаматтарына жау ретінде емес, мүсәпір жандар ретінде қарады. Қолдарынан келген жәрдемін көрсетіп, өз аузындағысын бөліп берген, – деді қала басшысы.

Ал, өз кезегінде Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата қиын кезде қолдау білдірген қазақ халқына алғысын білдірді.

Көпшілік жапондық әскери тұтқындарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Кентау қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ