Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Тәкендi ұлықтады

Сәуір 14 / 2018

 

Мақсат ҚАРҒАБАЙ, «Оңтүстік Қазақстан».

 

Шолаққорғанда ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

Т.Әлімқұлов атындағы лицей-интернаттың мектеп ұжымы ұйымдастырған шығармашылық кеште мектеп оқушылары әдеби-сазды қойылым қойды. Жазушының көркем әңгімелерінен үзінділер оқып, өлеңдерін жатқа айтты.

Кешке арнайы шақырылған қонақтар Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Е.Кенжеқараев, І.Әлжанов, «Созақ үні» газетінің бас редакторы С.Теңізбаев Тәкен Әлімқұлов жайлы естеліктер айтты.

Созақ ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ