Денсаулығың өз қолында!

Сәуір 14 / 2018

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында 2020 жылға дейін қазақстандықтардың кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту жөнінде тапсырма берді. Бұл – өте маңызды міндет. Ол үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал.

 

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені, спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп екені белгілі. Сол үшін ерте жастан балалардың спортқа деген қызығушылығын оятуымыз қажет.

Әрбір жеке адам денсаулығын сақтау өзінің қолында екенін ескерсе, дұрыс тамақтанып, күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанса, елге де пайдасы тиеді. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – еңбекке қабілетті, ойы сергек, дені сау ұрпақ.

Ержан БЕЙІСБЕКОВ, Ә.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ