Руханият 0 пікір 1190 лайк

ХАБАРЛАНДЫРУ

Сәуір 14 / 2018

 

«Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық конкурсы

 

1. Жалпы ережелер

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

• Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

• Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

• Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады.

• Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

• Мыналар:

1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

 

2. Конкурсты өткізу тәртібі

 

Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

• Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

• Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

• Аудандық (қалалық) комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексергеннен кейін аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген екі қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын 15 мамырға дейін өңірлік комиссияларға жібереді.

• Өңірлік комиссиялар бір үздік отбасын іріктеп алады, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеру жүргізіп, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерімен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, жыл сайын 30 мамырға дейін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.

• Өңірлік және аудандық комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балаларының жетістіктері;

5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

7) отбасының дарындары;

8) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);

9) отбасының қоғамдағы беделі.

«Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық конкурсына қатысушы үміткерлер құжаттарын аудан, қалалық әкімдіктерге тапсыруы тиіс.

Анықтама телефондары: 24-72-23, 21-30-95.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ