Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1185 лайк

Итальян брендтері – Шымкентте

Сәуір 14 / 2018

 

Баян ДАРҒОЖИНА, «Оңтүстік Қазақстан».

Шымкентте «Zhannet» итальяндық сән үйі ашылды. Д.Қонаев даңғылында бой көтерген дүкеннен Италияның танымал брендтерінің жаңа киім үлгілерін, эксклюзивті модельдерін таба аласыз. Нәзікжандыларға арналған талғаммен тігілген соңғы үлгідегі көйлек-көншек, сапалы аяқ киімдер кез келген сәнқұмар сұлудың талабынан шығары анық. Мұндағы сапа, ерекше дизайн, көңілге қонымды бағалар өз тұтынушыларына ұнайтыны сөзсіз.

 

Жаңа сән үйінің ашылу салтанатына жиналғандар кезегімен құттықтау сөз сөйлеп, дүкен иесі, бизнес ханшайымы Жанат Тулеуованың жұмысына сәттілік тіледі. Модельшілер сәндік киім үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан ұтыс ойындары өткізілді. Танымал тележүргізуші Инесса Вей жүргізген қызықты кеш кәсіпкердің тұрақты клиенттерінің көңілінен шықты. Талғампаз ханымдар кеш соңында ыңғайлы үйлесіммен тігілген спорттық және кешкі көйлектерді таласа-тармаса сатып алып жатты. Жаңа сауда үйі шымкенттіктер үшін тамаша тарту десек артық айтқандық емес.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ