Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

ТАРИХИ КІТАПТАРДЫ КӨПТЕП АУДАРУ ҚАЖЕТ

Сәуір 13 / 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу жөніндегі тапсырмасы – еліміздің рухани өміріне ерекше серпін әкелген бастама болды. Соның нәтижесінде біздің жастар енді шет тілінде жазылған 100 үздік кітапты өз ана тілімізде оқуға мүмкіндік алады.

 

 

Қазақ археологиясы соңғы 40-50 жылда дамудың даңғыл жолына түсті. Біздің археологтар көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мұның барлығы осы салаға бөлінген көңілдің арқасы деп білемін. Десек те біздің тарихшыларымыз әлі де болса көршілес орыс халқы тарихшыларының еңбектеріне, солар келтірген деректерге сүйенуге мәжбүр. Аталмыш жоба аясында американдық, британдық ғалымдардың тарихи еңбектерін ана тілімізге аударсақ болашақ тарихшыларға жол ашып берген болар едік. Сондай авторлардың бірі ретінде ағылшын тарихшысы Арнольд Джозеф Тойнбидің «Постижение истории» («Тарих түсініктемесі») атты еңбегін аударуды ұсынған болар едім.

Тас, темір, қола дәуіріндегі қазақ жерін мекен еткен халықтардың өмірі мен мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі көптеген шетелдік авторлардың еңбегінде кездеседі. Осы кітаптарды қазақ тіліне аударсақ жоғары оқу орнында оқитын білімгерлердің өз халқының, ата-бабасының ежелгі тарихына үңіліп қарауға жол ашамыз. Сондай-ақ, әлем тарихынан ақпар беретін кітаптарды да назардан шығармаған дұрыс.

Нұртаза АЛДАБЕРГЕНОВ,

Археолог-ғалым.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ