Баға жетпес құндылық

Сәуір 13 / 2018

•          100 жаңа оқулық

Ұлттық аударма бюросы әзірлеп жатқан 100 оқулықтың алғашқы легі дайын болғаны туралы жаңалық көзі қарақты азаматтарға үлкен рух сыйлағаны рас. Президент Н.Назарбаев атап өткендей бұл бүгінгі жастардың білімді азамат болуына жасалып отырған үлкен қамқорлық. Шынында да АҚШ-та 280 долларға сатылатын оқулықты қазақстандықтардың тегін оқуына мүмкіндік беріліп отыр. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтарды шығару жөніндегі жұмыстар қолға алынған шақта  аударуға 800-ден аса оқулық келіп түсіпті.  Жоғары талап қойылған жоба аясында философия,  әлеуметтану, психология, тіл білімі, антропология мен  дінтану, журналистика, экономика мен кәсіпкерлік салаларын қамтитын алғашқы 18 оқулық іріктелгені орынды болған. Әлемнің 42 елінде 34 тілде басылып, жалпы таралымы 47 миллионнан асқан бұл кітаптар біздің оқырмандар үшін баға жетпес құндылық.

 

Сәуле НАЗАРБЕКОВА,

Техника ғылымдарының докторы, профессор.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ