ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ҰҒЫМДАР ЕНГІЗІЛМЕК

Сәуір 13 / 2018

 

100 оқулық

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» деген еді. Осыған орай қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 100 жаңа оқулықты аударуға жаңадан құрылған Ұлттық аударма бюросы кірісіп кеткені белгілі.

Бұл бағдарлама қазақ тілін дамытуға, қазақы ортада ғылыми ұғымдарды сіңіруге ерекше әсер етпек. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында биыл 30 кітап қазақ тіліне аударылмақ. Алғашқы 18 кітап  аударылып, Президентке таныстырылды. Мемлекет басшысы бұл оқулықтарды білім жүйесіне тиімді енгізу ең маңызды міндет болатындығын айтқан болатын.

 

Әрине, білім мен ғылым оқу­лық арқылы келеді. Сол оқулық ар­қылы сананы жаңғырта оты­рып, бәсекеге қабілетті маман дайын­­дауға болады. 100 жаңа оқу­­лықтың қоғамдық сананы жаң­ғыр­тудағы рөлі ерекше деген ойдамын.

 

 

 

Ұлбала ОРАЗБАҚОВА,

 

М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-дің мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының магистр, аға оқытушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ