Руханият 0 пікір 1146 лайк

Тарихтың тамыршысы

Сәуір 07 / 2018

 

Үмітхан АЛТАЕВА, «Оңтүстік Қазақстан».

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, журналист, «Құрмет» орденінің иегері Шойбек Орынбайдың 65 жасқа толуына арналған «Тарихтың тамыршысы» атты әдеби кеш өтті.

Белгілі қаламгер Мархабат Байғұт тізгінін ұстаған әдеби кешті қаламгердің зайыбы, танымал журналист Асхан Майлыбаева, курстас достары Ертай Бекқұл мен Алма Смағұлова студенттік жылдардың қызықты оқиғаларымен, кеш иесінің болмыс ерекшелігі жайындағы естеліктермен тұздықтады. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Нысанбекова облыс әкімі Ж.Түймебаевтың құттықтау хатын оқып беріп, иығына оқалы шапан жапты.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Төлеби қорының төрағасы Жарылғап Ізбасаров, ардагер Шерім Медеуов қаламгердің Төлеби бабаның рухын ұлықтаудағы сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды. Әдеби кеш қонақтары Ш.Орынбайдың жастық шағынан бейнеролик тамашалады. Ж.Омарова атындағы саз мектебінің «Мұрагер» домбырашылар ансамблі Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындаса, әншілер әннен шашу шашты. Кітапханашылар қаламгердің туындысынан сахналық көріністер қойды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ