Руханият 0 пікір 1148 лайк

«Қанеки, тілім, сөйлеші!»

Сәуір 07 / 2018

 

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда дәстүрлі «Қанеки, тілім, сөйлеші!» атты облыстық байқау өтті. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа аудан, қалалар мен жоғары оқу орындарында іріктеуден өткен 15 үміткер қатысты. Оныншы рет ұйымдастырылған шешендік өнер сайысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтті.

 

Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкері Мұқағали Кенжетайұлы өнер-білім жағынан өзгелерден оқ бойы озық шығып, бас жүлдені иеленді. Ал, кентаулық Мәдина Қарамендеева жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Түркістандық Ерасыл Сұлтанбек пен ордабасылық Назгүл Бүксікбаева екінші орынды иеленді. Үшінші орын ОҚМПУ студенті Мөлдір Әбдіғали, шардаралық Нұрболат Ділдәбек және сарыағаштық Арайлым Жолдасоваға бұйырды. Қатысушылардың барлығы арнайы дипломмен және түрлі сый-сияпаттармен марапатталды.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ