Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

БАҚ пен БЕРЕКЕ салтанат құрсын!

Наурыз 20 / 2018

 

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Қадірлі жерлестер!

 

Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бұл күні біз өткен күндердегі жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында елді елеңдеткен аса ауқымды міндеттер белгіленеді.

Біз Елбасының ұстанып отырған реформаларының арқасында көптеген табыстарға қол жеткіздік. Мемлекетіміз өркендеп өсіп, еліміздің әл-ауқаты күн санап артып келеді. Отанымыздағы береке-бірліктің, бейбітшіліктің арқасында тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облысымыздағы салық, кеден және экономикалық қылмыстарға байланысты туындаған мәселелердің нақты уақытында шешіліп отыруына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Бұл кешенді жұмысты жүзеге асыруда, әрине, осы салада қызмет етіп, мол тәжірибе жинақтаған зейнеткер, ардагерлеріміздің ақыл-кеңестері аз болған жоқ. Ұрпақ сабақтастығының осындай дәстүрге бай байланыстары көпұлтты облыс тұрғындарының салық мәдениетін жоғары деңгейде игеруіне оң әсер етті. Облысымыздың салық төлеушілері мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен мемлекеттік қазынаны толықтырудағы бірлесіп тығыз байланыста жыл бойы жасалған ауқымды жұмыстардың арқасында сала қызметкерлері еңбек жылын табысты аяқтап, алға нық сеніммен қадам басты.

Міне, шуақты Наурыз мейрамын осындай көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып отырмыз.

Қадірлі жерлестер! Наурызда айтылған барлық тілектер тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолындағы жаңа да ізгі бастамалардың негізі болып қалансын!

Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, аспанымыз ашық, ел іргесінің берік болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құруына тілектестігімді білдіремін!

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Алтынсары Үмбетәлиев, Қазақстан Рестубликасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ