Қазақстандағы Өзбекстан жылы ашылды

Наурыз 17 / 2018

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзінде Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімі ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екенін айтты. Бұл жөнінде akorda.kz сайтында хабарланды.

 

Қазақстан Президенті тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты табысты дамытып келе жатқанын, сондай-ақ, олардың халықаралық және өңірлік маңызды мәселелерді шешуге қатысты ұстанымдарының ортақ екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл іс-шара Қазақстан – Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршіліктің символы ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің серіктестігін нығайтуға зор үлес қосатынын айтып, Шавкат Мирзиёевке І дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Шавкат Мирзиёев өз кезегінде Қазақстанның жүйелі саяси өзгерістері мен экономикалық реформаларын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Абай мұрасын насихаттап, терең зерттеу жөнінде Өзбекстан президентінің қаулысы қабылданғанын хабарлады.

Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне Қырғызстан президенті С.Жээнбеков пен Тәжікстан президенті Э.Рахмон қатысты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ