Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Банк секторы дамыса халықтың тұрмысы түзеледі

Наурыз 17 / 2018

 

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ұлттық экономика мен әлеуметтік-мәдени дамудың барлық салаларына заман талабына сай цифрлық технологияларды енгізудің жолдарын айқындап берді.

 

Мемлекет басшысының инновациялық технологияларды енгізуге қатысты батыл шешім қабылдауы отандық экономиканы жаңа белеске көтереді. Осынау күрделі кезеңде түпкілікті технологиялық реформаларды жүзеге асырудағы басты мақсат – барынша дамыған отыз елдің қатарына қосылу.

Жолдауда елді дамытудың он басым бағыты көрсетілгені белгілі. Соның ішінде алтыншы бағыт отандық қаржы жүйесінің қызметін жетілдіру мәселесін қарастырған. Банк капиталының есебінен ел экономикасын қаржыландырудан бөлек, қор нарығы арқылы қаржыландыру механизмі де маңызды. Президент бұл бағытта отандық бизнесті пайыздық мөлшерлемесі төмен несиелермен қамтамасыз етуді жүктеді.

Бұл бағытта біздің өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы кәсіпкерлік саласының жеңілдетілген несиеге деген құлшынысы жоғары. Айталық, «Максимум» аймақтық қаржы орталығы арқылы былтыр 8 млрд. 312 млн. теңгеге 2 342 жоба қаржыландырылыпты. Нәтижесінде 4 618 жұмыс орны ашылған. Жалпы, өткен жылы өңір тұрғындары банктерден 299,4 млрд. теңге алса, оның 43,9 млрд. теңгесі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Енді Елбасының тапсырмасы ойдағыдай орындалса, шағын және орта бизнес өркендей түсіп, халықтың да әлеуметтік жағдайы жақсарады.

Баймахан СҮЛЕЙМЕНОВ, облыстық мәслихаттың депутаты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ