Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Қатаң қадағалау қажет

Наурыз 17 / 2018

 

Қазіргі нарықтық заманда кәсіпкер де, жеке адамдар да несие алмай тұрмайды. Ал, біздегі екінші деңгейлі банктер беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары. Оны төлеу кәсіпкерлерге де, қарапайым тұрғындарға да тым ауыр. Жалпы, нарықтық экономикада ұлттық валютаның тұрақтылығы мен елдің қаржы жүйесінің икемділігі халықтың жағдайына қатты әсер етеді.

 

Сол себепті Президент Н.Назарбаев өзінің биылғы Жолдауының алтыншы бағытында қаржы секторын «қайта жаңғырту» мәселесіне тоқталды. Президент банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтауды маңызды деп есептейді. Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс, ал, акционерлердің үлестес компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналу керек. Елбасы Ұлттық банкке мұндай істерге немқұрайлы қарамау керектігін ескертіп, ол қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижелі болуы тиістігін атап өтті. Демек, бұл Жолдау еліміздің Ұлттық банкіне зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Камалбек БЕРКІМБАЕВ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Кентау институтының директоры, Кентау қалалық мәслихатының депутаты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ