Руханият 0 пікір 0 лайк

Кино апталығы өтті

Наурыз 17 / 2018

 

Қазығұрт ауданынан бастау алған «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» атты кино апталығы Отырар ауданы мен Арыс қаласында да жалғасын тапты.

 

Шарада облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен «Сақ» киностудиясы түсірген «Күш атасы – Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері мен «Ерлік» көркем фильмі көрсетілді.

– Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Осы тұрғыда кино мен анимациялық фильмдердің де өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор, – деді «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Батырхан Дәуренбеков.

Айта кетейік, «Оңтүстікфильм» мекемесінің шығармашылық ұжымы алда болатын «Қалқан құлақ» атты телесериалдың жалғасын түсіруді жоспарлап отыр.

Жұлдыз АЙНАБЕК, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 4-курс студенті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ