Экономика 0 пікір 0 лайк

Наурызға жаңа өнім

Наурыз 16 / 2018

Наурызға жаңа өнім

 «Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіретін күркетауық етінен жасалған «Дәмді ет» фирмалық тауарлары бүгінде шетелдің кез келген өнімімен бәсекелесе алатыны баршаға белгілі.

 

 

Күркетауық етінен  40-қа жуық өнім өндіретін бұл кәсіпорын жуырда қыз-келіншектер мерекесіне орай өнімнің жаңа түрін сатылымға шығарды.

--- Күркетауықтың сан еті, жамбас, қанаты мен шынтақ және иық бөліктерінен құралған 4 түрлі жаңа өнім сатылымға шықты. Яғни, бұл жартылай дайын өнім жұмысбасты қыз-келіншектерге өте қолайлы. Тұзы мен дәмдеуіштері қосылған аталған 4 түрлі өнім 180 градусты температурада 45 минутта дайын болады. Арнайы пакетке оралған бұл өнімнің 2-3 жерінен тесіп пешке салса болғаны, -- дейді «Ордабасы құс» ЖШС сою бөлімінің басшысы Бахтияр Жұмаханов.

Сондай-ақ, компания қызметкерлері  Наурыз мерекесіне орай бешбармаққа арналған  жиынтық дайындау үстінде. «Оңтүстік», «Ордабасы», «Приморские» деп аталатын үш түрлі жиынтықтың бірінде күркетауықтың сан еті мен жамбас бөлігі және жылқының ішегіне салынған қазы болса, екіншісіне шұжық та араластырылады. Енді бірі сүрленген еттерден дайындалады. Бұл өнім түрі таяу күндері сатылымға шығады. Бөлім басшысы соңғы кездері мұндағы өнім атауларының барлығы да қазақыланғанын, әсіресе жергілікті жерлерге басымдық беріліп жатқанын айтады. Олардың қатарында «Қайнар», «Бадам», «Саяхат» деген атаулар да бар. Кәсіпорын тұтынушыларға өнімді шикізат күйінше емес, барынша сапалы етіп, терең өңдеуге күш салып отырғанын айтады. Алда тағы да жаңа өнімдер жасау жоспарда бар.

Назгүл Назарбекова.

 

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ