Руханият 0 пікір 0 лайк

Бұл мектепте өлең сүйетіндер көп

Наурыз 15 / 2018

 

Шымкенттегі №86 жалпы орта мектеп оқушылары өлеңге таласы бар жас ақындардың бірі Ақсұлу Сүттібаймен кездесу кешін өткізді.

 

Қазақ тілі әдістеме бірлестігінің мүшелері З.Арынова, Ж.Момбаева және А.Қалменов ұйымдастырған шарада оқушылар Ақсұлудың өлеңдерінен үзінділер оқыды. Әдеби кештің өтуіне оңтүстік өңірінде жас ақындардың шығармашылығын насихаттау орталығының да ықпалы зор болды.

Кеште Ақсұлу Сүттібайдың «Көңіл құсы» деп аталатын тырнақ­алды дүниесі көпшілікке таныстырылды. Оқушылар жас ақынның туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке толы өлеңдерін жатқа оқып, көкейде жүрген сұрақтарын қойды.

Мектеп директоры Е.Төлендиев шараға белсенді түрде қатысқан мұғалімдер мен оқушыларға ризашылығын жеткізді.

Осы ретте айта кетейік, білім ошағында «Тоғыз ақынның тоғыз өлеңі» атты жыр мүшәйрасы өткізілген-ді. Сайыста 10-сынып оқушысы Жансая Бутанбек пен 5-сынып оқушысы Алуа Мұхтар жүлделі орындарға ие болды.

Ләззат ҚАЛМЕНОВА, №86 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Шымкент қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ