Алтын түсті қоржынға!

Наурыз 14 / 2018

Ғабит САПАРБЕКОВ,

«Оңтүстік Қазақстан».

  Пхенчхан қаласында өтіп жатқан паралимпиададан сүйінші жаңалық келіп жетті. Шаңғы спортынан классикалық мәнерде 1,5 шақырымға сырғанаудан Александр Колядин алтын медальға ие болды. Бұл - Қазақстан тарихындағы қысқы паралимпиада ойындарындағы алғашқы алтын!

   45 жастағы қостанайлық спортшы әлеуметтік желі арқылы өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын айтып, көңіл-күйі өте тамаша екенін жеткізді. Қазақстанның Әнұранын шарықтатып, көк туын желбіреткен қайсар азаматқа мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілмек.

   Александрдың тамаша жеңісінен кейін Қазақстан паралимпиадашылары жалпыкомандалық есепте 13-орынға көтерілді.

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ