Заң-заман 0 пікір 1065 лайк

БОЛАТБЕК ТӨЛЕГЕН 40 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Наурыз 14 / 2018

Шымкенттегі Абай аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Төлегенге осындай үкім шығарды.

ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 1-бөлігі, 3-тармағымен  кінәлі деп танылған оған 42 млн теңге айыппұл салу жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда басқару қызметтерін атқару құқығынан айырды. Үкімі заңды күшіне енгеннен кейін салынған айыппұлды төлеуге бір ай мерзім уақыт берілді. Егер төлеуден жалтарған жағдайда жаза түрі бас бостандығына айыру түріне ауыстыралытан болды.

Айта кетейік, Болатбек Төлегенді өткен жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айыппен 2,1 млн теңге пара алды деген кінә тағылды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ