Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Газдан үш адам уланды

Наурыз 14 / 2018

    Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері газдан уланудың 8 оқиғасы тіркеліп, 18 адам зардап шеккен. Оның ішінде 11 тұрғын қайтыс болса, олардың екеуі бүлдіршін.

 

Биылғы 13 наурызда сағат 17.15-те  басқару пультіне Ордабасы ауданынан хабарлама келіп түсті. Бадам ауылындағы Қаныбек көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде пештің ақауынан 3 адам газдан уланған. Олардың 1949 жылғы ер азамат, 1955 жылғы әйел, үшіншісі 3 жасар бала екені анықталған. Қазір зардап шеккендер Ордабасы ауданында орталық ауруханаға ем қабылдап жатыр.

ОҚО ТЖД тұрғындарды улы газдан уланудың алдын алу шараларын сақтауға шақырады.

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ