Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Әлеуметтік теңсіздікті азайтады

Наурыз 13 / 2018

 

Шығыстың ұлы ойшылдарының бірі Әлішер Науаидан «Қайсы ел мықты?» деп сұрағанда «Қайыршысы жоқ ел мықты» деп жауап берген екен. Яғни қай заманда болмасын қарапайым халықтың дәулетті болуы, аш, жалаңаш болмауы – қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың және мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі.

 

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Қазақстан халқының әл-ауқатын бұрынғыдан да жақсарта түсетініне сенемін. Бұл бастамалардың басым бөлігі жастарға бағытталған. Қосымша білім гранттарының бөлінуі, жас отбасыларды баспанамен, студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселелері соның айғағы. Дегенмен, осы бастамалардың ішіндегі ең маңыздысы жеке табыс салығын азайту дер едім. Өйткені, біздің елде тұрақты жұмысы бар болғанымен жалақысы өте аз азаматтар көп. Президенттің өзі жалақысы елдегі орташа жалақының жартысына да жетпейтін адамдардың саны 2 миллион екенін айтты. Жеке табыс салығының 1 пайызға дейін төмендетілуі тап осы адамдардың жағдайын аз да болса жақсартады. Яғни мемлекет қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға енді шындап кірісе бастады деген сөз.

Лесбек ТӘШІМОВ, облыстық мәслихаттың депутаты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ