Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Қолдау білдіреміз

Наурыз 13 / 2018

 

Елбасы Н.Назарбаев «Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» атты халыққа Үндеуін жария етті. Сонда айтылған мәселелердің бірі – шағын несие беруді арттыру болып табылады. Бұл – өте өзекті мәселелердің бірі.

 

Шағын несиенің қаржысын арттыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берері сөзсіз. Бұл қадам жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін таптырмас бастама болар еді. Елбасы атап өткендей, кәсіпкерлікті шағын несиемен қамту алыс ауылдарда төмен деңгейде. Сондықтан несиелердің қолжетімділігін арттыру тиімді.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бүкіл ел болып қолдағанымыздай біздің серіктестік ұжымы да шағын несиелерді арттыру бастамасына қолдау білдіреді.

Заал Бочоришвили, «ГLЗ» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ