Ардагер анаға құрмет

Наурыз 13 / 2018

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірге еңбегі сіңген ардагер ана, облыстың құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі Әліпова Клара Төлендіқызын халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап барды. Өңір басшысы елі үшін ерінбей еңбек еткен анаға қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тіледі, гүл шоқтарын сыйлады.

 

Клара Төлендіқызы 1937 жылы туған. Еңбек жолын интернат пансионатында тәрбиеші болып бастаған. Негізгі мамандығы орыс тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің мұғалімі. Партия саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек еткен. «ОҚО Азаматтық альянсы» ассоциациясының президенті, «Кемел» әйелдер клубының төрайымы қызметтерін атқарған. «Бауырмал» сыйлығының иегері.

Ардагер ұстаз, белгілі қоғам қайраткері Клара Төлендіқызы облыс басшысына ризашылығын білдіріп, ісіне береке тіледі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ