Руханият 0 пікір 0 лайк

Кинорежиссерлер бақ сынады

Наурыз 13 / 2018

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «КиноАрт» әуесқой кинорежиссерлер фестивалі өтті. Режиссер Еркебұлан Жолдасовтың бастамасымен ұйымдастырылған байқау биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Өңіріміздегі кино өнеріне қызығушылық танытып жүрген жас өнерпаздар қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Мәселен, алғашқы жылы жобаға 8 үміткер қатысса, өткен жылы олардың саны 75-тен асқан. Фестивальға қазақ киноиндустриясының дамуы үшін еңбек етіп жүрген кинотанушы Ержан Жұмабеков, оператор Бекайдар Шалдарбеков, режиссер Рахымжан Қалдыкөз қазылық жасады.

 

– Облысымызда арнайы кино өнерін оқытатын жоғары оқу орны жоқ. Сондықтан кино түсіруге қызығушылық танытқан жастарға бұл жоба үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Алдағы уақытта байқауды кең көлемде өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді педагогика және мәдениет факультетінің деканы Қанат Әжібеков.

Сонымен, сайыстың ақтық кезеңіне жолдама алған 11 үміткердің ішінен «Ғайша» фильмімен Сәбит Әбді І орынды иеленсе, ІІ орын «105» фильмінің режиссері Қарлығаш Есіркепке бұйырды. Ал, ІІІ орынды «Иллюзия» фильмімен Абзал Төленов жеңіп алды.

Жұлдыз АЙНАБЕК, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 4-курс студенті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ