Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

4 тiлде тәлiм беретiн балабақша ашылды

Наурыз 13 / 2018

 

Кентау қаласында бүлдіршіндерге 4 тілде тәлім-тәрбие беретін «Согдиана» балабақшасы ашылды. Қарнақ ауылында бой көтерген балабақшаны жеке кәсіпкер Дильдар Хабибова мемлекеттік және жекеменшік әріптестік байланыс аясында салыпты. Ғимарат 100 орынға лайықталған. Балалар мұнда қазақ, ағылшын, орыс, өзбек тілдерінде тәлім алады.

 

Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбаев, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков, Қарнақ ауылының әкімі Талғат Мадмусаев, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Баһадүр Ирисметов және өзге де ел ағалары көпшілікті жаңадан салынған балабақшаның ашылуымен құттықтады.

Балабақша заманауи үлгіде салынған. Мұндағы ерекшелік, әр бөлме өз атауына қарай безендірілген. Сондай-ақ, мұнда жергілікті 30 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.

Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Кентау қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ