Руханият 0 пікір 0 лайк

Жеңімпаздар анықталды

Наурыз 13 / 2018

 

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен облыстық орыс драма театрында «Арай–2018» байқауы өтті. Эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап, жас таланттарды таныту мақсатында 23-ші рет өткізіліп отырған байқауға 450-ге жуық үміткер қатысып, оның 39-ы ақтық кезеңде бақ сынады.

 

Екі күнге созылған жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілеріне арналған өнер додасында мəдени іс-шара жүргізушілері сайысы бойынша шымкенттік Нұрлан Мұхтаров қарсыластарынан басым түсіп, бас жүлдеге қол жеткізсе, жүлделі бірінші орын түркістандық Ақмарал Срайылға бұйырды. Ал, Айнұр Қожатайқызы екінші орынды, шымкенттік Нұрдәулет Жақсыбай үшінші орынды иемденді.

Қаншама таланттардың топ жарып, жұлдызы жануына себепкер болған байқаудың жас эстрада әншілері сайысы бойынша бас жүлдесін Түлкібас ауданынан келген Ержан Өксікбай қанжығасына байлады. Бұл жолы бірінші орын шымкенттік Мақсат Қабайға, екінші орын шымкенттік Балжан Алтай мен шардаралық Жандос Әшірбекке бұйырды. Үшінші орынды шымкенттік Жәния Төлепберген мен Айбек Сейітхан, созақтық Бейбарыс Оңласын алды. Жүлдегерлерге 70-300 мың теңге аралығында қаржылай сый-сияпат табыс етілді.

«Арай-2018» жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілері байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы гала-концертке ұласты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ