Заң-заман 0 пікір 0 лайк

ЕКІ ЖАСАР БАЛАНЫҢ МӘЙІТІ СУДАН ТАБЫЛДЫ

Наурыз 12 / 2018

Шымкентте жоғалған 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті Қарасу өзенінің Бадамға құятын тұсынан табылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шымкент қаласының әкімдігі Әлинұр Ерболатұлының ата-анасына көңіл айтады. Құтқарушылар Қарасу каналаның Бадамға құяр жерінен баланың денесін тапты» делінген хабарламада. Еске салсақ, 11 наурыз күні сағат 14.00-де Шымкентте тойхананың алдында бала жоғалған болатын. Іздеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылған. Құтқарушылар каналдың арнасын жауып, іздестіру жұмыстарын жүргізген. «Өкінішке қарай, үміт ақталмады. Әлинұрдың ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз және барлық ата-аналарды мүмкіндігінше балаларына мұқият болуға шақырамыз» делінген хабарлама мәтінінде.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ