Руханият 0 пікір 0 лайк

Адамзаттың Айтматовына арналады

Наурыз 10 / 2018

 

Шымкент қаласындағы №46 мектеп-лицейде заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай іс-шара өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мүшесі Балташ Сапарбектің бастамасымен ұйымдастырылған кеште оқушылар жазушы өмірінен сыр шертетін көріністер көрсетіп, шығармашылығынан үзінділер оқыды.

 

Ақын Мұхтар Шахановтың Айтматовпен достығы туралы, олардың шығармашылық байланысы туралы сөз қозғалып, өскелең ұрпаққа осы ауызбіршілік пен бауырмалшылдық үлгі етілді. Осы орайда, 1998 жылы қос бірдей талантты тұлғалардың мектебімізде болғаны үлкен мақтаныш екенін айтып өткім келеді.

Жастардың болашағы жарқын, келешегі кемелді болуы үшін осындай іс-шараларды алдағы уақытта да өткізе береміз. Жалпы, ұлттық құндылықтарды сақтауда Шыңғыс Айтматов шығармаларының берері мол.

Айнұр БАРЛЫБАЙ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ