Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Тағы 20 мың грант бөлінеді

Наурыз 06 / 2018

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі көпшілікке терең ой салды. Соның ішінде, әсіресе, «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» деп аталатын үшінші бастамасы дер кезінде көтерілген мәселе деп ойлаймын.

 

«Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады» деп атап өтті Елбасы. Келешегіне зор сенім артқан жастарымыз үшін, сондай-ақ, ата-ана үшін де бұл үлкен қуаныш. Мемлекеттің қамқорлығын сезінген жастар еліміздің дамуында биік белестерден көрінуге тырысатыны айдан анық. Ал, бұл оларға айқын мақсат, адастырмас бағдар сыйлайды.

Жанат ТӘЖИЕВА, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ